714

Алматыда соққыға жығылған букмекерлік кеңсе күзетшісінің жағдайы белгілі болды

Оқиғадан кейін букмекерлік кеңсе қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырған.
Фотография - Алматыда соққыға жығылған букмекерлік кеңсе күзетшісінің жағдайы белгілі болды Сурет: ©Арман Мұқатов

Алматыда соққыға жығылған букмекерлік кеңсе күзетшісінің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне №7 қалалық аурухананың баспасөз қызметінен мәлім етті. 

Оқиғадан кейін букмекерлік кеңсе қызметкерлері бірден жедел жәрдем шақырған. Жарақат алған күзетші №7 аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. 

"Ер адамның миы шайқалған және бірнеше жерінде бұлшық еттері соғылған. Сонымен қатар оң қолының ортаңғы саусағы шығып кеткен. Көрсетілген алғашқы көмектен соң пациент ауруханаға жатудан бас тартты", - деді аурухананың баспасөз қызметінен. 

Еске салайық, оқиға 20 қаңтар күні, таңғы сағат 4-5 арасында Абай мен Саин қиылысындағы Пари Матч букмекерлік кеңсесінде болды. Бетперде киген үшеу мекемеге баса көктеп кіріп, күзетшіні темір таяқтармен соққының астына ала жөнелген. Факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Қазір қылмысты әшкерелеуге бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр", - деген болатын қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Загрузка...