916

Ақтау халықаралық әуежайының ескі терминалынан өрт шықты

Адам шығыны жоқ.
Фотография - Ақтау халықаралық әуежайының ескі терминалынан өрт шықты Көрнекі сурет

Маңғыстау облысы ТЖ Департаментіне 02:14-те Ақтау халықаралық әуежайынан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады Today.kz ҚР ІІМ ТЖ Комитетіне сілтеме жасап. 

"Қойма ғимаратындағы қолданыста жоқ ескі терминалда ағаш конструкция өртеніп, 380 шаршы метр аумақта өрт шықты. 

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен өрт 03:24-те ауыздықталып, 03:27-де сөндірілді. Адам шығыны мен зардап шегушілер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", – деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 35 адам, Маңғыстау облысы ТЖД сегіз өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.