843

Астанада бірнеше пәтерді тонаған екі ұры ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, ер адамдар күндіз ұрлық жасаған.
Фотография - Астанада бірнеше пәтерді тонаған екі ұры ұсталды Көрнекі сурет

Астанада бірнеше рет пәтер тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Today.kz елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Ұсталған екі күдікті де 39 жаста. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Криминалдық полиция қызметкерлерінің ақпаратынша, ер адамдар күндіз ұрлық жасаған. Есіктің қоңырауын басып, үйде қожайыны жоқ екеніне көздері жеткен соң кілтті сәйкестендіріп ашып, пәтерге кірген. 

"Құлыптары ашылады-ау деген есіктерді таңдаған. Зергерлік бұйымдарды, ақшаны, басқа да құнды заттарды ұрлап алып, ломбардқа өткізіп отырған. Ұсталғандар ұрлық жасағандарын жоққа шығармады", – делінген полиция хабарламасында. 

Ер адамдар алты рет осындай қылмысқа барған болуы мүмкін. Әлі де тексеріліп жатыр. 

Фото - Фото -

Суреттегі екі адамның әрекетінен жапа шеккендер немесе қандай да бір ақпарат білетіндер "Есіл" аудандық полициясына мына нөмірлер бойынша хабарласа алады:  8 (701) 271-65-50, 71-60-69 немесе 102.