876

Қарағанды облысында өрттен кішкентай қыз қайтыс болды

Қарағанды облысы ТЖД "101" нөміріне Байқоңыр көшесінің бойындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Фотография - Қарағанды облысында өрттен кішкентай қыз қайтыс болды Көрнекі сурет

Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласында 29 қаңтарда қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Таңғы алтыда Қарағанды облысы ТЖД "101" нөміріне Байқоңыр көшесінің бойындағы екі қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші қабаттағы пәтер өртенген. 

Өрт аумағы сегіз шаршы метрді қамтыды. Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 22 адам мен алты өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт жарты сағат ішінде ауыздықталды, 20 минуттан кейін толық сөндірілді. 

"Өрт орнынан 2015 жылы туған қыз баланың күйіп қалған денесі табылды. Сондай-ақ өрт нәтижесінде күйік шалып, газдан уланған 1988 жылы туған әйел адам ауруханаға жатқызылды", – деді баспасөз бөлімі. 

Қазіргі таңда өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.