1375

ШҚО-да жарты ай бұрын жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды

Қалбатау ауылының 30 жастағы мектеп оқытушысы 14 қаңтарда жұмысқа кетіп, содан қайтып оралмаған.
Фотография - ШҚО-да жарты ай бұрын жоғалып кеткен мұғалім өлі күйінде табылды Сурет: altaynews.kz

ШҚО, Жарма ауданында 14 қаңтарда жоғалып кеткен Айнұр Семсенованың денесі табылды, деп хабарлайды Today.kz Altaynews сайтына сілтеме жасап. 

Қалбатау ауылының 30 жастағы мектеп оқытушысы 14 қаңтарда жұмысқа кетіп, содан қайтып оралмаған. Бір күн өткен соң әйелдің анасы полицияға көмек сұрап жүгінген. 

Cол күні ШҚО ІІБ барлық жеке құрамы мұғалімді іздеу жұмыстарын бастаған. Бірақ әйелдің өлі денесі жарты айдан кейін табылды. Денені әйелдің әкесі тауып алған. 

"1 ақпанда Қалбатау ауылында үйге жақын жерден, бұрынғы Май зауыты ғимаратының қасынан Айнұрдың денесі табылды. Тергеу кезінде зорлық белгілері табылмады, жанында ақшасы, смартфоны, құжаттары мен жеке куәлігі болған", – деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, әйел мұздап қайтыс болған. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.