1223

Алматыда букмекер кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Іс тергеліп жатыр, жақында сотқа жетеді.
Фотография - Алматыда букмекер кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды Сурет: youtube/ @Della Mitchell

Алматыда "Пари-матч" букмекер кеңсесіне шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Олар үшеу емес, төртеу, деп хабарлайды Today.kz шабуыл кезінде зардап шеккен күзетшінің сөзіне сілтеме жасап. 

Қайрат Елтімбаев тілшімізге 3 ақпанда сол күні кезекшілікте болған кассир қызбен полицияға келгенін айтып берді. 

"Өзім де білгендей, ұсталғандардың біреуін танимын. Оны бұрын букмекер кеңсесінен көрген едім. Олар төртеу. Үшеуі ғимаратқа кіріп, мені ұрды, біреуі көшеде оларды күтіп тұрған", – деді күзетші.

Оның сөзінше, жігіттер жәбірленушілерден кешірім сұраған, бірақ "анық емес, құлықсыз" сөйлеген. 

Іс тергеліп жатыр, жақында сотқа жетеді. 

Күзетші мен кассир қыз моральдық зиян шеккендері үшін компенсация талап етеді. 

"Ұсталғандарды көрген кезде кассир жылап жіберді. Сол күні басынан кешкендері есіне түскен болуы керек. Мен үшін де осы кездесу ауыр өтті. Әлі де емделіп жатырмын, дәрі-дәрмекке көп ақша кетіп жатыр", – деді Қайрат Елтімбетов. 

Еске салайық, оқиға 20 қаңтар күні, таңғы сағат 4-5 арасында Абай мен Саин қиылысындағы Пари Матч букмекерлік кеңсесінде болды. Бетперде киген үшеу мекемеге баса көктеп кіріп, күзетшіні темір таяқтармен соққының астына ала жөнелген.

Күзетшінің миы шайқалған және бірнеше жерінде бұлшық еттері соғылған. Сонымен қатар оң қолының ортаңғы саусағы шығып кеткен. 

Загрузка...