1326

Қарағандыда өрттен жеті бала аман қалды

Өрт себебі анықталып жатыр.
Фотография - Қарағандыда өрттен жеті бала аман қалды Көрнекі сурет

Қарағандыдағы 15-шағын ауданда 4 ақпан тоғыз қабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пәтер сегізінші қабатта орналасқан, өрт аумағы 10 шаршы метрді құрады. 

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 25 адам мен 8 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. 

"Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолдана отырып 13 адамды құтқарды, оның жетеуі – бала (...) Газ иісінен уланған 2011, 2014 және 2018 жылы туған үш бала ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада. 

Өрт себебі анықталып жатыр. 

Естеріңізге салайық, 4 ақпан түнде Астанада қайғылы оқиға болды. "Сарыарқа" ауданы "Көктал -1" тұрғын үй алқабында жеке ұй аумағында уақытша баспана өртенді. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды.