1967

Астанада жүздеген адам өрттен қаза тапқан 5 баланың жаназасын шығарды

Қыздарды ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам келген.
Фотография - Астанада жүздеген адам өрттен қаза тапқан 5 баланың жаназасын шығарды Сурет: azattyq.org

Астанада 4 ақпанда өрттен қаза тапқан бес қыздың жаназасы шығарылды, деп хабарлайды Today.kz "Азаттық" радиосына сілтеме жасап. 

Балаларды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне жүздеген адам жиналды. 

Бүгін ҚР Үкіметі отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев марқұм бес баланың туған-туысқандарына көңіл айтты. 

Естеріңізге салайық, 4 ақпан түнде Астанада қайғылы оқиға болды. "Сарыарқа" ауданы "Көктал -1" тұрғын үй алқабында жеке ұй аумағында уақытша баспана өртенді. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды.