1099

Нұрсұлтан Назарбаев бес баланың өмірін жалмаған Астанадағы өрт туралы айтты

Мемлекет басшысы Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырған.
Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев бес баланың өмірін жалмаған Астанадағы өрт туралы айтты Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Today.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды.

Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды.

Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын", – деді Назарбаев

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырған. 

"Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек", – деді Президент. 

Естеріңізге салайық, 4 ақпан түнде Астанада қайғылы оқиға болды. "Сарыарқа" ауданы "Көктал -1" тұрғын үй алқабында жеке ұй аумағында уақытша баспана өртенді. Салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қайтыс болды. 

5 ақпанда жүздеген адам бес қыздың жаназасын шығарды

Загрузка...