1195

Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен зейнеткер әйел қайтыс болды

ШҚО ПД автокөлік Глубоковский полиция бөлімшесінің қызметтік көлігі екенін анықтады.
Фотография - Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен зейнеткер әйел қайтыс болды Көрнекі сурет

Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен зейнеткер әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО полиция департаментінің ақпаратынша, жәбірленушінің қайтыс болғанына байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК 345 бабы бойынша қайта тергеледі. 

Іс бойынша қажетті барлық тергеу шарасы жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды, оның ішінде сот-автотехника сараптамасы да бар. 

Естеріңізге салайық, жол апаты 5 ақпан күндіз Стахановский көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында болды. Зейнеткер бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқанда, оны полиция көлігі қағып кеткен. ШҚО ПД автокөлік Глубоковский полиция бөлімшесінің қызметтік көлігі екенін анықтады.