1276

Алматыда мешітке келушілерді тонаған ер адам ұсталды

Ол адамдар құлшылық жасап жатқанда қалталарын тінткен.
Фотография - Алматыда мешітке келушілерді тонаған ер адам ұсталды Сурет: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда мешітке ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Today.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицияға затын ұрлатқан адам арыз түсірген. Ол мешітте құлшылық қылып жатқан кезде қалтасында тұрған ұялы телефоны жоғалып кеткен. 

Оперативті-тергеу шаралары нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды. Ол сол күні ұсталды. 

"Жеке тексеріс кезінде 30 жастағы күдіктіден ұрланған ұялы телефон тәркіленді. Қылмысын мойындады. Айта кетейік, фигурант бірнеше рет осындай қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", – делінген баспасөз хабарламасында. 

Бостандық аудандық полициясы сотқа дейінгі тергеуді ҚР ҚК 188 бабы бойынша тіркеді. 

Фото -