3064

Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп қайтыс болды

Төрт адам: 1979 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел, 2004 жылы және 2007 жылы туған екі бала дүниеден озған.
Фотография - Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп қайтыс болды Көрнекі сурет

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылында 7 ақпанда таңертең қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пештің дұрыс болмауы салдарынан екі пәтерлі тұрғын үйде иіс тиіп, бір отбасы қаза болды. Төрт адам: 1979 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел, 2004 жылы және 2007 жылы туған екі бала дүниеден озған. 

Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға от жаққан кезде сақ болуды ескертеді. 

Құтқарушылар жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. 

Пештер бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ  өрттің туу мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінде пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінің сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі алаңдатады. Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындардың  аз болуы. Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады, осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады.

Тағы бір зардап –  бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен  жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ пешті шамадан тыс қыздыру өртпен аяқталады. Пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет. Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып келтіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек. Сондай-ақ осы тақырыпты айта отырып, пеш жағатын үй тұрғындарының басқа қауіптерін айтпай кетпеу мүмкін емес. Сөз барлық материалдардың (көп жағдайда синтетикалық, пластикалық, лак, маталардың кейбір түрлері) іс жүзінде жануынан бөлінетін улы газ туралы болып отыр. Түсі мен иісі болмайтын осы қоспалар ауада шоғырлануына байланысты адамдардың әр түрлі ауыр дәрежеде улануына әкеп соғады. Қызыл сөзден гөрі факті көрсеткендей, улы газбен улану себебінің  49%-ы өрт кезінде адамдардың қаза табуы болып табылады.

Улы газдың түсі, дәмі және иісі болмағанымен уландырғыш болып табылады және тітіркендірмейді, оны адамның табуы өте қиын. Пештің түтіндігін ерте жапқаннан улану жиі болады. Толық жанып бітпеген көмір көмір-қышқыл газымен өзара әрекеттесіп, улы газ пайда болады.