1179

Түркістан облысында иіс тиіп, күйеуі мен әйелі екі баласымен қайтыс болды

Қайғылы оқиға 8 ақпанда болған.
Фотография - Түркістан облысында иіс тиіп, күйеуі мен әйелі екі баласымен қайтыс болды Көрнекі сурет

Түркістан облысы Бесқұбыр ауданында пештің дұрыс болмауы салдарынан бір отбасы қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 8 ақпанда болған. 

"Жеке тұрғын үйде табиғи отынмен жанатын пештің дұрыс болмауынан төрт адам уланып қалды, олар: 1986 жылы туған ер адам, 1990 жылы туған әйел және 2015, 2016 жылдары туған балалар", – делінген хабарламада.  

Естеріңізге салайық, 7 ақпанда осыған ұқсас қайғылы оқиға Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылында тіркелді. Екі пәтерлі тұрғын үйде пештің дұрыс болмауы салдарынан бір отбасы мүшелері қайтыс болған. Төрт адам: 1979 жылы туған ер адам, 1980 жылы туған әйел және 2004, 2007 жылы туған балалар. 

Загрузка...