1063

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйде газ атылып кетті

Үйден газ атылып кеткен.
Фотография - Петропавлда бес қабатты тұрғын үйде газ атылып кетті Көрнекі сурет

Петропавлда бес қабатты тұрғын үйде газ атылып кетті. Үйден 42 адам эвакуацияланды. Бір бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай Интернациональный көшесінде сағат 18:08-де болған. 

Газ бесінші қабаттағы асүйден атылып кеткен. 

"Осының салдарынан бөлмеаралық қабырғалар бұзылып, көрші бөлме қабырғалары жарылған. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 42 адам эвакуацияланды, оның алтауы – бала. Сондай-ақ бір бала ауруханаға жатқызылды", – делінген баспасөз хабарламасында. 

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

Оқиға орнында жеке құрамнан 23 адам, Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бес техника бірлігі жұмыс істеуде. 

Загрузка...