1875

Алматыда белгісіз адамдар әйелге шабуыл жасады

Оқиға видеоға түсіп қалған.
Фотография - Алматыда белгісіз адамдар әйелге шабуыл жасады Көрнекі сурет

Алматыда белгісіз адамдар әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға видеоға түсіп қалған.

  

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

"15 ақпанға қараған түні 35 жастағы әйел адамға шабуыл жасалды. Әуезов ауданы полиция басқармасы ҚР ҚК 192 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу-оперативті топ құрылды, ол аталған қылмысты ашу үшін кешенді шара жүргізетін болады. Қылмыстық іс ашылған соң кінәлілер лайықты жазасын тартады", – деді полиция. 

Тәртіп сақшыларының сөзінше, әйел адам зардап шекпеген, дәрігерлерге медициналық көмек алу үшін жүгінбеген. 

Загрузка...