1744

Қарағандыда өрттен қыз бала құтқарылды, бірақ ер адам қайтыс болды

Өрттің алдын ала себебі – көмір арқылы жағылған пеш қауіпсіздігінің бұзылуы.
Фотография - Қарағандыда өрттен қыз бала құтқарылды, бірақ ер адам қайтыс болды Сурет: cod52.ru

Қарағандыда сегіз жастағы қыз бала өрттен құтқарылды, бірақ туысқаны қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz.

"Өрт сөндірушілер келгенше көршісі 2011 жылы туған қызды құтқарды. Залдан өрт сөніп болған соң 45 жастағы ер адамның денесі табылды. Шатыр бұзылып, ішкі құрылыс, терезе, есік жанған", – деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің өкілі. 

Шатыр бұзылған аумақ – 20 шаршы метр, өрттің жалпы аумағы – 70 шаршы метр. 

"Өрттің алдын ала себебі – көмір арқылы жағылған пеш қауіпсіздігінің бұзылуы", – делінген ТЖД баспасөз қызметіндегілер.