2621

Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығынан өрт шықты

Ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды.
Фотография - Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығынан өрт шықты Көрнекі сурет

Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығынан өрт шықты. Ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап. 

"101" пультіне өрт шыққаны туралы ақпарат 13:50-де келіп түскен. Оқиға орнына жеке құрамнан сегіз адам мен елорда ТЖД екі техника бірлігі жетті. 

Анықталғандай өрт "Б" блогынан шыққан. 

Өрт көлемі 0,5 шаршы метрді құрады. 

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше қызметкерлер 200-ге жуық адамды сыртқа алып шыққан. Тілсіз жау 14:04-те ауыздықталып, 14;08-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 

Загрузка...