1296

Алматыда балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші видеоға түсіп қалды

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды ұру дерегі тіркелді.
Фотография - Алматыда балабақшада балаларды ұрған тәрбиеші видеоға түсіп қалды Көрнекі сурет

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаларды ұру дерегі тіркелді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Today.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиғаның видеосы желіге тарады. Кадрдан ұйықтайтын уақытта әйел адамның бір баланы жұлқылап тұрғызып, келесі бөлмеге алып кеткені анық көрінеді. Одан кейін екінші балаға да солай жасайды. Дыбыс естілмегенімен, тәрбиешінің балаларды бірнеше рет бастарынан ұрғаны видеоға түсіп қалған. 

Видеоға қоса жазылған пікірде оқиға 2 мамыр күні Алматыдағы №37 балабақшасында болғаны жазылған. Жәбір шеккендер – 2016 жылы туған балалар. 

Фото -

Балалардың бірінің анасы полицияға жүгінген. 

"Алатау ауданы басқармасында бұл қылмыс тергеліп жатыр. Осы түнде балалардың бірінің анасы полицияға арыз жазды", – деді департамент өкілі. 

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестріне ҚР ҚК 140 бабы бойынша тіркелді. Балабақшаның 35 жастағы тәрбиешісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жақын арада аталған қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі. 

Загрузка...