594

Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты

Lada мен Toyota автокөліктері соқтығысқан.
Фотография - Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан тоғыз адам қаза тапты Көрнекі сурет

12 мамыр таңертең Алматы – Бішкек тас жолының 109-шақырымында ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Today.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Lada мен Toyota автокөліктері соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, Lada жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бетке өтіп кетіп, жеңіл көлікпен түйіскен. 

Жол апатынан тоғыз адам қаза тапты. Олардың кім екендері анықталды. Марқұмдар Алматы, Шымкент, Түркістан, Алматы облысының тұрғындары. 

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы, 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Загрузка...