648

Талдықорғандағы балабақшада екі жастағы қыз терезеден құлап кетті

Төтенше жағдай "Қарлығаш" балабақшасының кіші тобында болған.
Фотография - Талдықорғандағы балабақшада екі жастағы қыз терезеден құлап кетті Сурет: astanafm.kz

Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде екі жастағы қыз екінші қабаттан құлап түсті. Желіге тараған видеодан баланы терезе алдына мекеме қызметкері қойғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Today.kz.

Төтенше жағдай "Қарлығаш" балабақшасының кіші тобында болған. 

Бейнебақылау камерасындағы жазбадан балалардың бөлменің ортасында ойнап отырғаны байқалады. Ақ халат киген мекеме қызметкері терезе алдында тұрған. Ол қызды көтеріп, терезе алдына шығарады. Осы кезде кішкентай бала да қызметкердің қасына келген. Әйел адам пердені ығыстырып, екінші баланы да терезе алдына қойған кезде екі бала сыймаған болуы керек, қас-қағым сәтте кішкентай қыз терезеден сыртқа құлап кеткен. 

 

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қыз облыстық ауруханада ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. 
Загрузка...