822

Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар

Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді, төрт адамның жағдайы ауыр.
Фотография - Италияда автобус аударылды: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар Сурет: ANSA

Италияның Сиена провинциясында ішінде шетел туристері бар автобус аударылды. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар. Бұл туралы ҚР СІД хабарлады, деп жазады Today.kz.

Фото -

"ЖКО салдарынан бір адам қайтыс болды, онға жуық жолаушы түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді, төрт адамның жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар. Қазақстандық елші Римнен Сиена провинциясына, оқиға орнына шықты", – делінген хабарламада. 

СІМ басқа да ақпараттарды оқиғаның мән-жайы анықталған соң хабарлайтын болады. 

Фото -