809

Ақтөбеде жүкті әйел қайтыс болды

Әйелдің нақты неден қайтыс болғаны айтылмады.
Фотография - Ақтөбеде жүкті әйел қайтыс болды Көрнекі сурет

Ақтөбеде жүкті әйел қайтыс болды. 27 жастағы әйел екі айдан соң босануы керек болған, деп жазады Today.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел адам ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Нақты неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін анықталады. 

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.