574

Нұр-Сұлтанға жақын маңда АН-2 ұшағы құлады – командир қаза тапты

Төтенше жағдай Ақмола облысы Целиноград ауданында 09:00 шамасында болды.
Фотография - Нұр-Сұлтанға жақын маңда АН-2 ұшағы құлады – командир қаза тапты Сурет: pixabay.com

Арнайы қолданысқа арналған АН-2 ұшағы Нұр-Сұлтанға жақын маңда құлады. Әуе кемесі әуе химия жұмыстары үшін қолданылған, деп хабарлайды Today.kz индустрия және инфрақұрылым министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

Төтенше жағдай Ақмола облысы Целиноград ауданында 09:00 шамасында болды. 

"Әуе кемесінің командирі қаза тапты, екінші ұшқыш пен техник емдеу мекемесіне жеткізілді. Апаттың себебі анықталып жатыр. Комиссия құрылды, тергеу жүргізіледі", – деді Иманқұлов.