633

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны болжанды

Ан-2 ұшағы Ақмола облысы Целиноград ауданында 09:00 шамасында құлады.
Фотография - Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны болжанды Сурет: pixabay.com

Нұр-Сұлтанға жақын маңда құлаған Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны болжанды, деп хабарлайды Today.kz.

"Алдын ала болжам бойынша, ұшақ электротасымалдау сызығына тиіп кеткен", – деп хабарлады Today.kz-ке дереккөз. 

Айта кетейік, Ан-2 ұшағы Ақмола облысы Целиноград ауданында 09:00 шамасында құлаған еді. Әуе кемесінің командирі қаза тапты, екінші ұшқыш пен техник емдеу мекемесіне жеткізілді. Апаттың себебі анықталып жатыр. Комиссия құрылды, тергеу жүргізіледі. 

Қылмыстық іс қозғалды.