625

Ан-2 ұшағының құлауына байланысты соталды тергеу басталды

Ұшақ апатының тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.
Фотография - Ан-2 ұшағының құлауына байланысты соталды тергеу басталды Сурет: bkp.prokuror.gov.kz

ҚР бас көлік прокуратурасы Ан-2 ұшағының құлауына байланысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады, деп жазады Today.kz.

"Ақмола облысының ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуді орындаған АН-2 ұшағының апатқа ұшырау фактісімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы (темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды", – делінген хабарламада. 

Ұшақ апатының тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында.

Естеріңізге салайық, Ан-2 ұшағы Ақмола облысы Целиноград ауданында 09:00 шамасында құлаған еді. Әуе кемесінің командирі қаза тапты, екінші ұшқыш пен техник емдеу мекемесіне жеткізілді. Апаттың себебі анықталып жатыр. Комиссия құрылды, тергеу жүргізіледі. 

Қылмыстық іс қозғалды. 

Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауына не себеп болғаны болжанды.