705

Түркістан облысында жойқын жарылыс болды

Арыс қаласында болған жарылыс қоймадан шыққан.
Фотография - Түркістан облысында жойқын жарылыс болды Сурет: youtube/@bild

Түркістан облысы Арыс қаласында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz.

"09:20-да өртке қарсы қызметке Түркістан облысы Арыс қаласындағы қойма ғимаратынан шыққан өрт әскери бөлім аумағына ұласып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жарылыс орнына жеке құрамнан 30 адам, Түркістан облысы ТЖД өрт техникасының 8 техника бірлігі жұмылдырылды", – деді ТЖК.