685

Тоқаев бір күндік жалақысын Арыстағы апаттан зардап шеккен халыққа аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды.
Фотография - Тоқаев бір күндік жалақысын Арыстағы апаттан зардап шеккен халыққа аударды Сурет: facebook/@Берік Уәли

Қазақстан президенті өзінің бір күндік жалақысын Арыстағы апаттан зардап шеккен халыққа аударды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жеке көмек беруді ұйғарды.

Ал, Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бір күндік еңбек ақыларын жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету қорына аударатын болды", – деді Берік Уәли. 

Естеріңізге салайық, 24 маусымда Арыс қаласында әскери қару-жарақ сақталған қойма жарылды. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс халқының ортасына келді

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды