631

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үшінші адам қайтыс болды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі қайғыра хабарлады.
Фотография - Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үшінші адам қайтыс болды Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан тағы бір әскери адам қаза тапты, деп хабарлайды Today.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қорғаныс министрлігі бүгін Шымкенттегі емдеу мекемелерідің бірінде Арыс қаласы әскери бөлімінде болған төтенше жағдайда алған жарақатынан келісімшарт қызметіндегі әскери қызметкер, сержант Ахметов А.Н. - ның қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қайғылы қазаға ортақтасып, туысқандары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.