Арыстағы снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді зақымдаған

Оқыс оқиға
759
Арысқа жақын орналасқан көрші кенттің тұрғындары да үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан көрші орналасқан Ақдала кенті зардап шекті, деп xабарлайды Today.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ақдала ауылы тұрғындарының бірі Орынxан Арынбаевтың айтуынша, сол қайғылы күні тек арыстықтар ғана емес, Арысқа жақын орналасқан көрші кенттің тұрғындары да үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған. 

"Қатты гүрсіл естілді. Жарылыс кезінде снарядтың жарықшақтары бірқатар километрге, біздің кенттің аумағына да жетті. Соның салдарынан бір снаряд үйдің алдындағы "септикті", тағы бір бөлігі сарайды зақымдады. Игі болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.  Үйдің үстіне түскенде не болар еді?! Немерелерім мен балаларым қорыққаннан жертөлеге тығылды. Онда біраз уақыт отырып, қалғандарымен бірге қашты", - дейді зейнеткер. 

Бұдан бөлек, ақсақал кентті эвакуациялағаннан кейін бір сиыры жоғалып кеткенін айтып, шағымданды. 

"Барлығымызды Шымкенттегі 53-мектепке эвакуациялады. Мен күн сайын малдарға азық беру үшін үйге келіп жүрмін. Оларға қарау керек қой, оның бәрін кім істейді?! Әр адамның малдары өрісте жүр, олар жоғалып кетуі немесе ұрлануы мүмкін ғой", - дейді ол. 

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты – Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 

170-ке жуық адам зардап шекті.  20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить