493

Елордадағы "Шабыт" университетінен өрт шықты

Зардап шегушілер де, құрбандар да жоқ.
Фотография - Елордадағы "Шабыт" университетінен өрт шықты Сурет: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Елордадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан "Шабыт" университетінен өрт шықты. Өрт туралы хабарлама "101" пультіне 1 шілде 20:36-да келіп түскен, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірінші қабатта орналасқан кабинеттегі оргтехника мен төбенің жақтауы өртеніп, 25 шаршы метр болатын өрт шыққан. 

"Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20:57-де ауыздықтап, 21:03-те сөндірді. Зардап шегушілер де, құрбандар да жоқ", – деді ТЖК. 

Өрттің себебі анықталып жатыр. Жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 20 адам, елорда ТЖД бес техника бірлігі жұмылдырылды.