663

Алматыдан 208 километр қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:12-де болған.
Фотография - Алматыдан 208 километр қашықтықта жер сілкінді Көрнекі сурет

Алматыдан 208 километр қашықтықта жер сілкінді. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 5,0, деп хабарлайды Today.kz ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ сейсмикалық станциясына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:12-де болған. Эпиорталығы Қырғызстан аумағында орналасты. Энергетикалық классы –11.1, тереңдігі – 25 километр. 

Жер асты дүмпуінің сезілгені туралы ақпарат жоқ.