705

Денис Теннің қазасына байланысты сотталған Toлыбаева түрмеге оралады

Толыбаева ұл босанған еді.
Фотография - Денис Теннің қазасына байланысты сотталған Toлыбаева түрмеге оралады Сурет: ©Владимир Песня

Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны қауіпсіздігі орташа колонияға қайтаруды сұраған бас прокурордың талабын қанағаттандырды, деп хабарлайды Today.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

2019 жылдың наурызында Толыбаева босануына байланысты Алматы соты шешімінің негізінде қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колониядан қауіпсіздігі төмен колонияға (қоныс-колония) ауыстырылған болатын.

Еске сала кетсек, Жанар Толыбаева 2019 жылдың 6 наурызында ұл босанды. Осыған байланысты сотталушының адвокаты Амангелді Сариев жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруды сұраған болатын. Толыбаева сәбидің әкесі Арман Құдайбергенов екенін айтқан еді. Ол да Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталды.

Қаза болған спортшының анасы Оксана Тен мен қорғаушылары Жанар Толыбаеваның жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыруға қарсы болды.