685

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға сот үкімі шықты

Ол 2 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Фотография - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваға сот үкімі шықты Сурет: zakon.kz

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева кінәлі деп танылды. Ол 2 500 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Today.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

"2 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалсын", – деді судья Бақытжан Есенов. 

Іс Нұр-Сұлтандағы № 2 аудандық сотында қаралды. 

Естеріңізге салайық, 6 маусымда ҚР білім және ғылым вице-министрінің тұтқындалғаны туралы ақпарат тарады. 9 шілдеде оның арнайы экономикалық мектеп құрып, өзінің беделін пайдалану арқылы кәсіпкерлерді тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларға 41 IPAD, қаһарман балаларға арнап тағы екі iPhone алуға мәжбүрлегені белгілі болды. 

Эльмира Суханбердиев өз кінәсін толығымен мойындап, тергеумен процессуалды келісімге келді. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 53-бабы бойынша жазаны жеңілдету қарастырылған.