Шымкентте қайтыс болған үш жастағы қыздың ата-анасында күмән көп

Оқыс оқиға
1076
Қазіргі уақытта 3 жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласының орталық ауданында кішкентай қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Today.kz Otyrar сайтына сілтеме жасап. 

Сарапшылар "Кәусәр есімді қыз өз құсығына тұншығып өлді" деген қорытынды шығарды. Ал жалғыз қызынан айрылған ана мамандардың берген жауабына сенбейді.

Марқұмның анасы қызы жоғалған күні бірден көмек сұрап полицияға хабарласқан. Олар ауданның түкпір-түкпірін шарлап шыққанымен, қыздың мәйітін туыстары тапқан.

Үйге көтеріп әкеліп, тез арада жедел-жәрдем қызметін шақырған. Ақ халаттылар ата-анасы мен туыстарына кішкентай Кәусәрдің көз жұмғандығын естіртіпті. Бүлдіршіннің денесін тәртіп сақшысы сол сәтте бірден үйден алып кеткен.

Қазіргі уақытта 3 жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі қыздың жұмбақ өлімі бойынша іс Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында екеніне сендірді.

"Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған", – дейді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Құзырлылар өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды деп қысқа қайырды. Ал, қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ана тергеушілер мен сарапшылардың болжамына күмән келтіріп отыр.

"Қызым өз құсығына тұншығып өлетіндей жаста емес. Бөпе емес қой ол! Және ол табылғанда аяғы талтайып жатқан! Сондықтан, мен қызыма қасақана әрекет жасалды деп ойлаймын", – дейді қаза болған қыздың анасы Клара Умербаева.

Халық арасында "МЖК" аталып кеткен бұл шағынауданда қылмыс жыл санап артып келеді дейді жергілікті тұрғындар. Мұндағылар жасөспірімдерге жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері бұған дейін де орын алған деп отыр.

Әсіресе, күн ұясына батқанда қараңғы аулаларда маскүнемдер мен қаңғыбастар қаптап кететіндігін айтып шағымданды халық. Қайғылы жағдайдан әлі күнге ес жия алмай отырған көпшілік балаларды сыртқа шығаруға қорқып қалған.
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить