Қызылордадағы балабақшада балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрі берілген

Оқыс оқиға
1079
Тексерушілер бүкіл ақпаратты білім бөліміне тапсырмақ.

Қызылорда балабақшаларындағы балаларға мерзімі өтіп кеткен дәрілер берілген, деп хабарлайды Today.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Бұл сорақылық мектепке дейінгі мекемелерді тексеру кезінде анықталған. Тексерушілер тіпті кейбір дәрілердің ересектерге арналғанын да анықтапты. Ал балаларға берілген тағам сапасы туралы айтуға ауыз бармайды. Өйткені қоймалардан іріп-шіріп кеткен жемістер мен сүт табылған. 

Мекеменің қоймасынан әлдеқашан іріп-шіріп кеткен алмұрттың үш жәшігі табылды. Ал мыңдаған йогурттың жарамдылық мерзімі бір аптадан кейін бітеді. Өкініштісі мұның бәрі балалардың күнделікті қорегі.  

"Алмұрттарды енді қазір жаз айында сақтау өте қиын ғой. Кеше қабылдап алғанмын, соны енді қарамай алғанмын ғой қабылдаған кезде. Йогурт артық әкеліп қойған. Поставщиектерге қайтарып береміз", – дейді №32 "Қызғалдақ" балабақшасының шаруашылық меңгерушісі Гүлназ Рүстембекова.  

Екі мың литр сүттің жарамдылық мерзімі 25 мамырда өтіп етіпті.  

"Жалпы 140 балаға арналған. Енді қазіргі таңда бізде 70-80 бала болып тұр. Біз тендермен аламыз ғой бар заттын бәрің. Кәсіпкердің баста алған кезде ол май айына дейің біз 140 баламен есептеп, алып қойғанбыз. Бірақ бізге кәсіпкер ауыстырып беріп жатыр. Бірден ауыстырып бере алмайтын шығар", – дейді №8 "Бүлдіршін" балабақшасының меңгерушісі Жаңылсын Сатыбалдықызы.

Ал "Бегім ана" балабақшасындағы жағдай бұдан да сорақы. Мұндағы медпунктте мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен дәрілер сақталғаны аздай, балаларға беріліп келген. Арасында гипертонияға шалдыққан ересектерге арналған дәрілер де бар. Ал медбике бұл препараттардың балабақшада қалай келгенін айта алмай дағдарды. 

"Балабақшаларда 2014, 15-16 жылғы жарамдылық мерзімдері біткен дәрі-дәрмектер сақтаулы және пайдаланып жатыр. Балаларға беруге тыйым салынған түрлі дәрі-дәрмектерде сақтаулы. Медбикелер нақты, не үшін сақтаулы екеніне жауап бере алмады. Бірақ балаларға беретіндерін айтып отыр. Сонымен қатар, ойыншықтар өте аз. Балалардың дамуына, ойнауына ешқандай мүмкіндік жоқ", – дейді "Ақмешіт Адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов. 

Тексерушілер бүкіл ақпаратты білім бөліміне тапсырмақ. Бірақ үндемей құтылуды жөн көрген білім бөліміндегілер ең алдымен тексерушілердің құжаттарымен танысуды жөн көріп отыр. Содан кейін ішкі тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазаламақ.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить