Түркістан облысында полиция түнгі үште көшеде жүрген екі баланы тауып алды

Оқыс оқиға
720
Түркістан облысында жоғалған екі бала ата-анасымен дін-аман қауышты.

Түркістан облысында жоғалған екі бала ата-анасымен дін-аман қауышты, деп жазады Today.kz

Түркістан облысы Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды Полиция тобының инспекторы полиция сержанты Мұрат Пернешов "Қауіпсіз аула" профилактикалық іс-шарасы барысында кезекті рейд күні, Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде 11 жасар қыз бен 10 жасар ұл баланың ата-аналарынсыз түнгі сағат 3-терде жүргенін көріп, оларды тоқтатып не үшін жүргендерін сұрастырады. 

Алайда қарны аш, қорқып қалған балалар полицейге дұрыс жауап бермейді. Жағдайдың қиын екенін түсінген учаскелік полицейлер  тез арада ағайынды балаларды Сарыағаш АПБ-не жеткізіп, ас-суын беріп тамақтандырады. Психологты шақырып, балалармен тілдестіріп, не үшін жүргендерін, қайда шыққандарын, кіммен, қай жерде тұратынын, қай мектепте оқитынын жайлап сұрастырып, кәмелет жасына толмаған ұл мен қыздың жеке бастарын анықтайды. 

Балалар тарапынан берілген ақпарат көздері арқылы, аталған жасөспірімдер кешкі сағат 17:00 шамасында тұрғылықты мекен-жайынан шығып, әкелеріне бармақ болып, адасқандары анықталды. Балалардың ата-анасы ажырасқан болып шықты. Анасымен тұратын бауырлар әкелерін сағынғандықтан, сол үйге өздері бармақ болған. Әпкесі мен інісі айтқан мәлімет бойынша тұрғылықты мекен-жайлары анықталып, балалар анасына табысталды. Ал, анасы екі баласын өздігінен іздеп таба алмайды. Алайда полицейлерге хабар бермеген. Полицейлер тарапынан кезекті жүргізіліп жатқан қарқынды іс-шаралар мен күнделікті жұмыстар арқасында балалар дін-аман табылып, үйлеріне оралды.  Өз кезегінде екі бірдей баласымен қауышқан ана полицейлерге алғысын жаудырды. 

Сарыағаш АПБ-нің ЖПҚ ювеналды Полиция тобының инспекторы полиция сержанты Мұрат Пернешовке аналық ақ тілегін білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить