Android операциялық жүйесі орнатылған ұялы телефондардың иелері енді сүйікті бағдарламалық қосымшаларын Apple компаниясының Mac компьютерлеріне орнатуына болады.
Bluestacks компаниясы әзірлеген жаңа бағдарламаның көмегімен ұялы телефондағы қосымшалар Мас компьютерлерінің дисплейіне көшіріле алады. Бұл хабар Android бағдарламалық қосымшаларын Windows компьютерлеріне орнатуға мүмкіндік берген осыған дейінгі бағдарламаның жетістігінен кейін тарады.
Айта кетейік, Bluestack өкілдерінің айтуынша, олар бағдарламаны өзінің ұнайтын қосымшаларымен үзбей байланыста болғысы келетін адамдарға арнап жасапты. Ақпарат 1tv.kz сайтынан.
сурет operaappstore.ru сайтынан