Олимпиада алауы - Лондонда. Алау Тауэрге Корольдік теңіз әскерінің Sea King тікұшағымен жеткізілді.
Теңіз жаяу әскері Мартин Уильямс Тауэрдің үстінде қалықтап тұрған тікұшақтан темір арқанмен түсіп, 2004 жылы Афина Олимпиадасында алтын медаль иеленген, танымал жеңіл атлет Келли Холмске алауды табыстады. Холмс Ұлыбритания астанасында алауды алған бірінші адам болды, Тауэрден бұл алау эстафета бойынша Уимблдонға жіберілді.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты келесі жұмада өтеді.
Бүгін,сенбі күні таңертең Олимпиада алауының эстафетасы Лондонның көшелері бойымен өтеді, оған миллиондаған адам көре алады.
сурет findblog.ru сайтынан