Батысқазақстандық бірнеше ғалым 2012 жылдың үздік оқытушысы атанды

Фотография - Батысқазақстандық бірнеше ғалым 2012 жылдың үздік оқытушысы атанды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы болып, грант иегері атанды

156 0

 Батысқазақстандық бірнеше ғалым 2012 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы болып, грант иегері атанды.

Соның бірі - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті гуманитарлық академиясы филология кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр. Мұрат Бөкенбайұлы аталмыш оқу орнында жемісті еңбек етумен қатар халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі ретінде облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Бірнеше шет елде болып, түркі тілдері форумына қатысқан ғалымның қаламынан туған мақала, эсселер баспасөзде жарияланып жүр.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүти де - өңірдегі білікті әдебиетші-мамандардың бірі. Әуелі мектепте, кейін ЖОО-да дәріс берген ол кезінде ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша диссертация қорғаған болатын. Қазіргі кезде батысқазақстандық ақындардың туындыларын зерттеу үстінде.

Грант иегері атанған тағы бір ғалым, техника ғылымдарының кандидаты Марат Оңаев көптен бері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде еңбек етіп келеді.

Аталмыш дәстүрлі байқауға еліміз бойынша өткен жылы 84 ЖОО-дан 600-ден астам оқытушы қатысса, биыл 97 ЖОО-дан 500-ден астам үміткер бақ сынаған.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!