Испан ғалымдары АҚТҚ-ға қарсы вакцина ойлап тапты

Фотография - Испан ғалымдары АҚТҚ-ға қарсы вакцина ойлап тапты

Емдік препараттың басты жетістігі сол, біраз уақытқа дейін инфекияның таралуын бөгейді

233 0

Барселона университеті клиникалық ауруханасының ғалымдары АҚТҚ-ға қарсы емдік вакцина ойлап тапты. Емдік препараттың басты жетістігі сол, біраз уақытқа дейін инфекияның таралуын бөгейді, деп жазады НТВ.

Күні бүгінге дейін осы дертке шалдыққандар дәрі-дәрмектерді түр-түрімен ішуге мәжбүр. Олардың белсенділігі мен кері әсерінен науқастардың басым көпшілігінің жағдайы ушығып, жаңа дертке тап болып жатады.

«Біздің бар жаңалығымыз – вакцинаны денеге енгізе отырып, науқастардың иммундық жүйесіне вирусқа қалай әсер ету керектегін үйренетіндей жағдай жасаймыз. Осылайша, ағза жұқпамен өзі күресіп, оның таралуы мен жұғуын тұсаулайды. Әрине, дертті толық жойып жіберетіндей күші жоқ», - деді Барселона университетіне қарасты клиникалық аурухана қызметкері Фелипе Гарсиа.

Бірнеше егуден кейінгі алғашқы 12 аптада вакцина инфекция жұқтырып алған адам денесінен вирус мөлшерін 90%-ға дейін азайтуға көмектеседі. Препарат отыздам астам адамға тексерістен өткен. Әр апта сайын оның әсері әлсіздене түседі.

Біріккен Ұлттар ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлем бойынша адам қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырғандар саны 34 млн адамға жеткен, деп жазады НТВ.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!