Экрандар адамдар өмірінің 30 жылдық уақытын алады

Фотография - Экрандар адамдар өмірінің 30 жылдық уақытын алады

Британия университеттері бірінің ғалымдары осындай қорытындыға келген.

182 0

Әртүрлі экранды гаджеттерді, теледидарды қосқанда олар адам өмірінің 30 жыл уақытын алады, деп хабарлады Росбалт.

Британия университеттері бірінің ғалымдары осындай қорытындыға келген.

Зерттеушілер адам күн сайын орташа есеппен экран алдында 9 сағат отыратынын есептеп шығарды, бұл яғни аптасына 63 сағат немесе  бір айда 274 сағат (айына 11 күнге жуық) деген сөз. Ал егер адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 80 жас деп алатын болсақ, адам экран алдында 262 800 сағатын (немесе 10950 күн), яғни 30 жылын өткізеді екен.

Зерттеу нақ осы Ұлыбритания тұрғындары көп уақытын экран алдында, сондай-ақ Интернет желісінде өткізетін ел екенін көрсетті.

Сондай-ақ бүгінгі таңда әлеуметтік желілерді тарату үрдісі байқалады, соның салдарынан балалар экран алдында (теледидар қарауды қоса алғана) ересектермен бірдей уақытын өткізетін болды. Бұл әртүрлі жүйке бұзылуы ауруларына соқтыруы мүмкін, өйткені балалардың жүйкесі толық қалыптасып болмаған, сондықтан да сыртқы жағымсыз әсерлерге жеңіл беріледі. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!