Қарағанды тұрғыны болжағыш сайт ашты

Фотография - Қарағанды тұрғыны болжағыш сайт ашты

Қарағанды халқы бұдан былай күн райын алдын-ала біліп отыратын болады.

160 0

Қарағанды халқы бұдан былай күн райын алдын-ала біліп отыратын болады.

Жергілікті тұрғын әр екі минут сайын ауа темперетурасын, қысымы мен жел жылдамдығын жаңартып отыратын арнайы сайт құрап шығарған.

Ауа-райын Алексей Луценков басқалардан жақсы біледі. Осыдан үш жыл бұрын үйінің терезелерін аяз басқаннан кейін қолына температураны өлшейтін құрылғы мен жел жылдамдығын көрсететін құралды алыпты. Ал ауа райы туралы минут сайын ақпарат таратын сайт ашу да, артынша ойыма келді дейді шебер.

Жұмысына кіріскен сайт шын мәнінде уақытылы ауа температурасын, қысымын тіпті желдің жылдамдығын да дәл көрсетеді. Тіпті жергілікті тұрғындар арасында ауа-райынан ақпарат тарататын сайт үлкен қолданысқа ие болып та үлгеріпті.

Алексейге жаңа құрылғыны ойлап табуға  әдетте синоптик мамандардың айтқан температурасынан даладаға күн райының кем дегенде сегіз градусқа төмен болатыны түрткі болған.

Жарнамадан түсетін қаржы құрылғы мен сайтты ұстап тұру шығынына жетпейтін көрінеді. Ал Алексейдің ендігі арманы ауа-райының үш жылғы мұрағатын сақтайтын құрылғы ойлап тауып, ол туралы мәліметті сайтқа салу.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!