Зағип жандарға арналған смартфон пайда болды

Фотография - Зағип жандарға арналған смартфон пайда болды

Поляк өнертапқышы зағип жандарға арналған смартфон жасап шығарды

189 0

Поляк өнертапқышы зағип жандарға арналған смартфон жасап шығарды. «Си Ю» атты жаңа телефон «Android» жүйесінің негізінде жұмыс істейді.

Гаджетті тек дауыспен ғана басқаруға болады. Оны іске қосу үшін экранды екі рет саусақпен түртсе болғаны. Көз жанарынан айырылғандар енді,«Facebook», «Twitter», сияқты әлеуметтік желілерді де пайдалана алады. Бұдан бөлек, олар такси мен жедел жәрдемге де хабарласу мүмкіндігіне ие болып отыр. «Си Ю» смартфонын Варшавада 810 долларға сатып алуға болады. Алдағы уақытта ол халықаралық нарыққа шығарылмақ.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!