Nokia болашақта Android негізінде смартфондар шығаруы мүмкін

Фотография - Nokia болашақта Android негізінде смартфондар шығаруы мүмкін

Nokia-ның соңғы смартфондары Windows Phone 8 негізінде жұмыс істейді

254 0

Nokia компаниясының бас директоры Стивен Элоп болашақта оның компаниясы Android негізінде смартфондар шығаруы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Ол испандық El Pais газеті тілшісінің фин компаниясы болашақта Google операциялық жүйесі негізінде смартфондар шығару жоспары бар ма екені туралы сауалына осылай жауап берген, деп жазады НТВ.

Nokia-ның соңғы смартфондары Windows Phone 8 негізінде жұмыс істейді.

Nokia компаниясының бас директоры Стивен Элоп «Бүгінгі таңда біздің Microsoft компаниясымен әріптестігіміз әзіргі көңілімізден шығады, дегенмен бәрі де мүмкін», деп жауап берген.

Gizmodo техноблогы Nokia-ның соңғы смартфондары өткен жылдың соңында ғана Windows Phone 8 негізінде шығарылғанын, сондықтан бұл мәлімдеменің түсініксіз екенін айтыпты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!