Павлодарда роботтардың көрмесі өтіп жатыр

Фотография - Павлодарда роботтардың көрмесі өтіп жатыр

Сөйлеп, ән айтатын құлтемірлер. Павлодарда осындай 20-ға жуық «техно-робот» қойылған көрме өтіп жатыр

180 0

Сөйлеп, ән айтатын құлтемірлер. Павлодарда осындай 20-ға жуық «техно-робот» қойылған көрме өтіп жатыр. Замануи роботтардың атқаратын қызметтері сан алуан. Бірі бүлдіршіндердің көңілін ауласа, енді бірі айлап үй күзете алады.

Ақпараттық технология үстемдік құрған қазіргі заманда ойыншықтың да түрлері көбейген. Мына ғажайып дүниелер соның дәлелі. Біреуі екіншісіне ұқсамайды. Көрмені ұйымдастырушылар роботтарды ауыр жұмыс күші ретінде емес, көңіл көтеруге тіпті бала тәрбиесіне де пайдалануға болатынын айтады.

Василий МАРКИН, экскурсия жетекшісі:

- Бұл интеллектуалды аниматрониктер ғана емес жанды денелер. Шимпанзе тірі маймыл сияқты. Сол сияқты рок-н-ролл королі Элвис Пресли ән салады, сөйлейді.

Бейнекамералармен жабдықталған күзетші робот үйдің ішін аралап жүріп күзетеді. Бір ай бойы үздіксіз жұмыс істей алады. Сол сияқты шимпанземен динозаврлардың да қылықтары қызық. Панда аюына баланы бір-екі сағатқа қалдыруға болады екен. Бір қызығы ол сезеді, түсінеді және балаға ертегі оқып, ән де айтып береді. Бірақ ағылшын тілінде.

Роботтар шетелде шығарылған. Олардың тілін қазақшалау ісі әлі қолға алынбапты. Келушілерді қызықтырған әрине Элвис Пресли бейнесіндегі робот болды.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!