Жыланның аяғын көрген...

Фотография - Жыланның аяғын көрген...

«Жылан жылы – жайлы» дейтін сөз бар. Ләйім солай болсын. 

612 0

«Жылан жылы – жайлы» дейтін сөз бар. Ләйім солай болсын. 

Жылан туралы қазақта ала-құла түсінік бар. Хәкім Абай «Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер. Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр» деп жаратпаған адамын ысылдаған жыланға теңейді. Самұрық құс балапандарын жыл сайын жалмауыз жылан аңдып жататындығын ертегіден оқып білгенбіз. Түркі халықтарының мифтері мен ертегілерінде жылан киелі, жарылқаушы рух бейнесінде көрініс табады. Міне, тілі айыр жыланға деген көзқарас осылай. Бірақ, қазақ жыланның басына ақ құйып қайтаратын, оған құрмет көрсететін бірден-бір халық.

Сонау ертеректе Асан қайғы бабамыз «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...» деп кетті. Ал, қазіргі түсінігімізде «Жыланның аяғын көрген қу» деген тіркес бар. Тіпті, халық арасында «Жыланның аяғын көрген адам бай, дәулетті болады» деген де сенімдер жоқ емес. Осының ара жігін ажыратып алайықшы.

Жыланның аяғы бола ма жалпы? Мүмкін, «жыланның аяғын көрген қу» деген жұмыртқадан жүн қырқып, қара судан қаймақ айырып, жоқтан бар жасайтындарға қаратылып айтылған сөз бе? Бір мамандар жыланның аяғы болады деген бос сөз деседі. Ал, біреулер аяғы болады, пәленше көріпті дегенде сенуге тура келеді. Жалпы, өзің үңіліп қарағанға не жетсін...

Жалпы, жыланда аяқ бола ма? Жыланның аяғы киесі бар жандарға көрінеді дейді. Сізге көрінді ме?.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!