Apple компаниясы iPhone-ның арзан түрін шығарады

Фотография - Apple компаниясы iPhone-ның арзан түрін шығарады

Осы арқылы Қытайда және басқа жылдам дамитын елдерде басымдық танытуды көздеп отыр

764 0

Биыл Apple компаниясы iPhone-ның арзан түрін шығаруға ниетті. Осы арқылы Қытайда және басқа жылдам дамитын елдерде басымдық танытуды көздеп отыр, деп хабарлады РБК.

Смартфондар туралы жаңалықтар порталының мәліметтері бойынша, жаңа гаджеттер арзан материалдардан жасалады. Ал саудаға жылдың екінші жартысында түседі. Техникалық жағынан тұтынушыларға ұнайтын үлкен экранның сақталатыны анықталды.

Арзан iPhone-ның шығарылымы Apple тұжырымдамасының ауысқанын білдіреді. Компания Стив Джобс кезінде premium санаттағы тауар өндірісін қолдаған. Бәлкім, Apple басшылығының ұстанымына Азия нарығында сұранысқа ие Android платформасындағы гаджет өндірушілерімен бәсекелестік әсер етті.

Айта кету керек, былтыр Apple компаниясы дүние жүзінің көптеген елінде сатылып жатқан iPhone 5-ті таныстырды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!