2012 жылы телемедицина аясында елімізде 15 мыңға жуық кеңес берілген

Фотография - 2012 жылы телемедицина аясында елімізде 15 мыңға жуық кеңес берілген

Бұл туралы денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады

979 0

2012 жыл қорытындысы бойынша еліміздің медициналық ұйымдары телемедицина аясында 14902 кеңес пен 4821 видеоконференция өткізген. Бұл туралы денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Одан бөлек, телемедицина аясында шетелдік клиникалармен 33 консультация, сонымен қатар 270 жиын мен семинар өтті.

«Негізінен телемедициналық консультацияға Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстары жиірек жүгінеді», - делінген хабарламада.

Арнайы жүргізілген сараптау нәтижесі көрсеткендей, халық арасында кардиолог (5756 кеңес), пульмонолог (1882) және невропотолог (1044) сынды мамандардың кеңесіне деген сұраныс көп болған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық телемедициналық желісіне облыстық және аудандық ауруханаларда, республикалық клиникаларда, медициналық ЖОО-ларда, денсаулық сақтау басқармаларында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде және денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында орналасқан 186 телемедициналық орталық қосылған», - делінген орталықтың таратқан ақпаратында.

ҰТМЖ ҚР ДМ Ауылдық (селолық) жерлердегі денсаулық сақтауда ұтқыр және телемедицинаны дамыту» бағдарламасы аясында құрылды. Баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш бағдарлама бойынша жұмыстар 2004 пен 2011 жылдар аралығында жүргізілді. Осы уақыт аралығында 62203 телемедициналық кеңес пен 400-ден астам видеоселекторлық жиналыс, телекөпір мен дәріс беруші семинарлар өткізілді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!