Мінсіз әйелдің салмағы артықтау болуы тиіс

Фотография - Мінсіз әйелдің салмағы артықтау болуы тиіс

Нағыз сұлу, мінсіз әйел арық және ұзын болуы тиіс деген ұғыммен израильдік ғалымдар келіспейді

284 0

Нағыз сұлу, мінсіз әйел арық және ұзын болуы тиіс деген ұғыммен израильдік ғалымдар келіспейді.

Олардың пайымдауынша, кіршіксіз қыз-келіншектердің салмағы 77 келі, ал бойы 170 сантиметр болуы тиіс екен. Былтыр әлем зерттеушілері "әйел ұзақ жасауы үшін оның денесінде артық салмақ болуы тиіс" деген жаңалық ашқан болатын.

Израиль ғалымдары "мінсіз әйел" формуласын осы жаңалыққа сүйене жасағандарын айтуда. Яғни, бойы 170 сантиметр болатын әйелдің бойында 7 келідей артық салмағы болуы тиіс дейді олар. Қаншама жылдар бойы әйелдер арасындағы сұлулық эталоны өзгеріссіз келеді. Ер азаматтардың көпшілігі әдетте белі жіңішке, аяғы ұзын және кеуделі қыз-келіншектерге таңдауы түсіп жататындығы жасырын емес.

Алайда, соңғы бірнеше жылда бүкіл әлемде семіздікпен бірге әйелдер арасындағы арықтықпен, жүдеулікпен де күресу науқаны жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Израильдің өзінде сән әлемінің бойжеткендерінің тым арық болуына қатаң тыйым салынған.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!