Интернетке Құранның украин тіліндегі толық аудармасы салынды

Фотография - Интернетке Құранның украин тіліндегі толық аудармасы салынды

Бұл туралы Укринформ хабарлап отыр.

199 0

Құранның украин тіліндегі толық аудармасы интернетке жол тартты. «Острог академиясы» ұлттық университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Михаил Якубович аударған нұсқа король Фахд атындағы кешен сайтында орналастырылған. Бұл туралы Укринформ хабарлап отыр.

Аудармашының айтуынша, Құранның украин тіліндегі толық нұсқасы Сауд Арабиясы құран сарапшыларының мақұлдауынан өткен. Сараптаманы «Араб тілі сабақтары» атты белгілі оқулықтың авторы В.Абдур-Рахим жасаған.

Бұған дейін интернетте украин тілінде Құранның тек үзінділері ғана жарияланған көрінеді.


Тегтер:

құран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!